Бағдарламаны таңдалған құрылғыларға орнату

Бағдарламаны таңдалған құрылғыларға орнату үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Тапсырма жасау түймесі бойынша тапсырманы жасау шеберін іске қосыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдауТапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған құрылғылар жиынтығы үшін таңдалған бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады. Жасалған тапсырма Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.

  3. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан орнату тапсырмасын орындау нәтижесінде таңдалған бағдарлама таңдалған құрылғыларға орнатылады.

Басына оралу